Атырау, 26 желтоқсан 16:01
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Диагностиканы Атыраудан бастады

2 042 просмотра

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы» мен Халықаралық «ЕDТЕСН-KZ» білім беру орталығы 24 сәуір – 24 мамыр аралығында Қазақстанда білім беру саласына әлеуметтік зерттеу жүргізеді. Мамандар зерттеуді Атыраудан бастады.

Мұндағы мақсат оқу жетістіктерінің сапасына әсер ететін жағымды және теріс факторларды анықтау боп табылады. Зерттеу Қазақстан өңірлері бойынша төрт мақсаттық топтың: оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдер мен оқу орны әкімшілігінің қатысуымен бастауыш, жалпы орта, техникалық және кәсіби білім беруді қамтиды. Балаларға бір пән (математика) бойынша тестілеу, ересектерге – психологтар мен социологтар жасақтаған сауалнама, әдіснама ұсынылады. Мұндай білім сапасының кең ауқымды мониторингі біздің елімізде алғаш рет өткізіліп отыр.

– Қарапайым тілмен айтқанда, біз білімге диагноз қоюға тиіспіз, - деп мәлімдеді «ЕDТЕСН-KZ» жетекшісі Ғани БЕЙСЕМБАЕВ.

«Симптомдардың» бірі – жылдан жылға қазақстандық түлектер көрсетіп отырған ҰБТ-ның қарапайым нәтижелері.

Атырау облысында 1 200 адамға сауалнама жүргізілді. Кейін Қазақстанның басқа мектептерімен салыстыруға мүмкіндік болу үшін түрлі топтар мен мектептер – гимназиялар, лицейлер, жалпыға білім беретін оқу орындары арнайы іріктеліп алынды. Бізде, айтпақшы, астаналардағы балалардың дайындығы ауылдық жерлерге қарағанда анағұрлым жақсы деген пікірдің қаншалықты дұрыс екендігін анықтауға мүмкіндік пайда болады. 

– Батыс облыстарының ерекшелігі сонда, бұл жерде мұғалімдер, мәселен, еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлеріндегі әріптестеріне қарағанда түрлі жаңалықтарға анағұрлым құштар боп келеді, - дейді сеніммен Ғ. Бейсембаев.

Сарапшылардың жұмыс тобы бір ай бойына бүкіл өңірді қамтуды жоспарлап отыр. Зерттеу нәтижелері бойынша есеп жасалып, ол білім беру деңгейі бойынша Ұлттық баяндамаға енеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.