Атырау, 25 қараша 18:50
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Туған күніңмен, аса қымбат Қашаған

3 593 просмотра

CNN Money соңғы 40 жылдағы ең қымбат ($116 млрд) энергетикалық жоба деп таныған Қашаған жобасы тағы 65 млн долларға қымбаттады. Бұл сомаға NCOC консорциумы жобалау кезінде ескерілмеген сұйық технологиялық қалдықтарды тазарту қондырғысын салмақ. Мұндай қалдықтардың 75 пайызын улы заттар сіңген жерасты қабатының суы құрайды.

Өткен жылдың күзінде Атырау облыстық экология департаменті Аджип ҚКО-ға «Болашақ» зауытының ағынды суларын 9 булану алаңына (мүйістерге) жіберуді қарастыратын жобаны мақұлдаудан бас тартқаны белгілі болды («АЖ» №42, 18.10.2012 ж. «Тамұқтан келген улы су» жарияланымын қараңыз). Өзінің құптамаған қорытындысында қоршаған ортаны қорғау министрлігі (ҚОҚМ) булану алаңына ағынды суларды төгуге рұқсат Ербол ҚУАНОВЕрбол ҚУАНОВетілмейтінін көрсеткен. Құрамында күкіртсутегісі көп су герметикалық ыдыстарда өңделіп, ұсталуы тиіс. Ал «Болашақтың» ағынды суларының құрамында рұқсат етілген нормадан едәуір асатын концентратталған улы заттар бар. Атап айтқанда, өлшенген заттар бойынша – 17 есе, минералдау бойынша – 13 есе, метанол бойынша 815 есе, күкіртсутек бойынша – 1 366 және мұнай өнімдері бойынша – 34 есе.

Бастапқыда Солтүстік-Каспий жобасында қабаттық суды жерасты қабатына айдау қарастырылды. Алайда мерзімдерді екі мәрте кейінге қалдырғаннан кейін, 2012 жылдың маусымында суларды жерасты қабатына айдау жобасының тек 2-3 жылдан кейін ғана жүзеге асатыны белгілі болды. Сол кезде Қашағанның алғашқы мұнайын алдымен биылғы жылдың наурызында, содан соң маусымында, ал енді қыркүйекте өндірмек болды.

P.S. Ал 6 мамырда ҚазТАГ агенттігі төмендегідей ақпаратты таратты: «Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай шілденің басында, нақтырақ айтқанда, астананың туған күніне орай, 6 шілдеде өндірілмек. Оның үстіне биыл қаланың 15 жылдық мерейтойы болады. Жоба операторы NCOC-ты Мұнай және газ министрлігі мұнай бұрқағын осы мерзімге келтіру үшін «икемдей» бастады. Оператор тойтарыс беріп жатқанға ұқсайды. Мұны тіпті тестілеу режимінде жасау да ақылға сыймайды дейді. Бірақ, Астанада да Қашағандағы мұнай өндіру көлемін үнемі кейінге қалдыра беруден жалыққан секілді», - дейді Астанадағы мұнай-газ саласындағы хабардар дереккөз. Ал бұл біздің тұңғыш президентіміздің дүниеге келген күні екенін еске саламыз.

ҚОҚМ-ның айналымды сумен жабдықтауға қатысты да талаптары болды. Бұл туралы Аджип жобалаушылары мүлдем ұмытып кеткен. Бұған жауап ретінде компания белгілі бір мерзімде халықаралық стандарттарға сай келетін модульдік және стационарлық тазарту құрылғыларын салуға міндеттелді. Атырау облыстық экология департаментінің бастығы Ербол ҚУАНОВТЫҢ айтуынша, таяуда Аджип тазарту құрылғысының 2015 жылға дейінгі толық жобалау жоспарын ұсынды. Соған сәйкес, бірінші кезеңде айналымды сумен жабдықтауды 30 пайызға дейін, екінші кезеңде (2014-2015 жылдары) 70 пайызға дейін жеткізу қарастырылған.

Данияр ЕРЕНШІНОВДанияр ЕРЕНШІНОВТазарту құрылғысын салу құны 65 млн доллар құрайды. Биылғы жылдың сәуірінде техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды. Жоспарға сәйкес, қарашада жабдықтарды сатып алуға және құрылыс-монтаждау жұмыстарына келісімшарттар жасалатын болады. 2015 жылдың қаңтары мен мамыры аралығында іске қосуды реттеу мен пайдалануға беру белгіленген.

– Ал 2015 жылдың мамырына дейін улы қалдықтардың басым бөлігі мүйістерге құйыла ма?

– Әзірге құпталмаған қорытындыны ешкім жойған жоқ, - дейді Е. Қуанов. – Компания сотқа шағымдана алмайды, өйткені заң біздің жағымызда. Біздің төрағамыз (ҚОҚМ-ның Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Данияр ЕРЕНШІНОВ – Л.С.) компания өкілдеріне орындалуы керек мемлекеттік сараптама талаптары бар екенін ашық ұқтырды.

Сондықтан  ҚР Мұнай және газ министрі Сауат МЫҢБАЕВ мәлімдеген Қашағандағы алғашқы мұнай өндірудің «соңғы» мерзімі – 2013 жылдың қыркүйегі белгісіз болып қалып отыр.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

9 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.