Бүгін, 2 қазанда әлеуметтік желіде Еркінқала ауылдық округі тұсындағы Ерік-Мостовой каналынан Жайық өзеніне су құйылып жатқаны жөнінде бейнежазба жарияланды.
Атырау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары осы жерден зертханалық талдау жасау үшін сынама алды.
Сынама алу барысында өзенге құйылып жатқан судың жолы топырақ үйінділері арқылы бітеліп жатқаны анықталды.
Экология департаменті Атырау қаласы әкіміне, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына және Жайық-Каспий бассейндік инспекциясына каналдан Жайық өзеніне ағып жатқан суды тоқтатып, канал жағасын, ішін қалдықтан тазалау шараларын алу жөнінде хат жолдады.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Атырау облысы Экология Департаменті жолдаған суреттер