Абай облысының cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлерін парамен әшкереледі , деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 28 қыркүйек күні жариялаған ақпаратқа сүйенсек, лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.
"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда".
Ведомство ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеп, тергеу мүддесі үшін өзге ақпаратты жария еткен жоқ.
28 қыркүйек күні әлеуметтік желілерде Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Антикор ақпаратты растады.