Атырау, 26 желтоқсан 21:57
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Малды ауылдың машақаты

3 829 просмотра

«Кеңөзек» селолық округіне қарасты «Шырпной»елді мекенінде 15 үй бар. Бұл облыс орталығынан 12 шақырым жерде орналасқан.

Біз Шырпнойға жеткенде жанға жайлы жылы ауан сезіліп тұрды. Малдары жайылымда жүрген жергілікті тұрғындар да күн көзіне шығып, бір-бірімен шүйіркелесіп отыр.

Олар ауылда мал басын көбейтумен айналысатын үш шаруа қожалығы барын айтты.

Тілек Исщанов пен Қалыш Исщанова қораны қайта салуға жағдайлары жоқтығын айтуда. Тілек Исщанов пен Қалыш Исщанова қораны қайта салуға жағдайлары жоқтығын айтуда. «Ринат» ШҚ  жетекшісі Тілек ИСЩАНОВ:

- Қазір менің 9 бас сиырым бар.Әрине, мал басын көбейткіміз-ақ келеді, бірақ несие ала алмай, тығырыққа тіреліп отырмыз. Жаңа стандарттарға сәйкес, қазір шаруа қожалықтарының қоралары мен үйлері бірдей тастан қаланып тұрғызылуы керек, аула сыммен тартылған болуы тиіс. Оның бәріне ақшаны қайдан аламыз? Біз кепілдікке не үйімізді, не ақшамызды сала алмай отырмыз ғой.

- Ал сіз жарықты қайдан алып отырсыз?

Іргедегі электр бағандары.Іргедегі электр бағандары.- Электр генераторын сатып алып, соны пайдаланып отырмыз. Мұндай дизель барлық тұрғындарда жоқ. Біз оны аз уақытқа ғана таңертең, сосын кешке бір қосамыз да, теледидардан жаңалықтармен танысып, бір фильм көріп үлгереміз, сонымен болды.

- Біз үшін ең басты проблема – жарықтың жоқтығы. Бұл осында бұрын да болмаған, - дейді ауыл тұрғындары.– Ал дәл қасымызда электр тарату желісі бар. Бірақ, оған қосылуға бізге рұқсат бермей отыр. Біз бұл бағандардың Атырау мұнай құбырлары басқармасына тиесілі екенін анықтап білдік.

- Мен облыс әкіміне біздің проблемамызды тікелей жеткізгім келген, бірақ, қабылдауына кіре алмадым. Бізде жарықтан бөлек, су да, жөнді жол да жоқ,  - дейді Тілектің жұбайы Қалыш. 

«Қанат» ШҚ жинап қойған пішен үйіндісі.«Қанат» ШҚ жинап қойған пішен үйіндісі.- Көлік болса, мына тұрған қалаға қатынау онша қиын емес. Бірақ, жаңбыр жауса, жер жүруге жарамсыз мибатпақ жолға айналады. Сіздің жолыңыз болды, күн ашық мезгілде келдіңіз. Ал жаңбыр жауып кетсе, жер кепкенше осында екі күн қонып қалуыңызға тура келер еді. Суды жерден құдық қазып ішіп отырмыз. Көлік болса, кейбірі секілді суды канистрлер мен баклажкаларға толтырып, қаладан тасып аламыз.

Бір айта кетерлігі, мал өсіру қожалықтары пішенді престеумен және жеткізумен «Қанат» ШҚ айналысады. Шабындық алқап та алыс емес, бәрі осы елді мекеннің аумағында жатыр.

Кеңөзек селолық округінің әкімі Ғаріпжан ӘБІШЕВ:                   - Шырпной елдімекені Тасқаладан 20 шақырым жерде. Жанында Р-1 деген канал ағып жатыр. Елдімекен аумағы Кеңөзек селолық округіне қарайды, ал онда тұрып жатқан адамдар тұрғылықты жері бойынша бізге тіркелмеген. Олардың көбісі Химпоселке, Қара Депо, Геологтан малдарын бағу үшін  көшіп келгендер. Орталықтандырылған жарық, су, газ құбырын жүргізу жұмыстары егер 50 адамнан көп адам тұратын ауыл болса ғана қарастырылады. Ал мұндай жағдайда инженерлік коммуникациялар құрылысын салу мүмкін емес. Атырау мұнай құбырлары басқармасына қарасты жоғары вольтті электр бағандарына қосу үшін көп шығын кетеді. Бір трансформатордың бағасы 2 млн теңгенің үстіне шығады. Бұл мәселеде тұрғындардың биліктің көмегіне жүгінулеріне болмас.

«Есенов» ШҚ жетекшісі Бұлтай Есенов«Есенов» ШҚ жетекшісі Бұлтай Есенов«Есенов» ШҚ жетекшісі Бұлтай ЕСЕНОВ:

- «Қанат» ШҚ бізге 200 келілік рулондарды 2 500 теңгеге сатады. Бұл қаладағы бағаға қарағанда екі есе арзан.  

 

«Қанат» ШҚ жетекшісінің көмекшісі Айбарша ТОЛАҒҰЛОВА:

- Біз шөпті «Майгөл» учаскесінде  дайындаймыз. Өзіміздің 25 шақты сиыр малымыз бар. Біз мал басын көбейтуге барынша жұмыстанып жатырмыз.

 

Біз кері қалаға қарай шығуға жинала бергенде, алыстан шаңын бұрқыратып келе жатқан УАЗ көлігі көрінді. Бұл қаладағы «Рахат» базарына өзінің сауып отырған сиырының сүтін сатып оралған 74 жастағы жергілікті тұрғындардың бірі Орын ТІЛЕУБАЕВ екен.

Орын ТілеубаевОрын Тілеубаев- Мен осында 1991 жылдан бері тұрамын. Он балам бар: бес ұл, бес қыз. Ауламда он шақты сиыр ұстап отырмын. Шаруа қожалық құрайын десем, жасым келіп қалды. Балаларымның әрқайсысының өз жұмысы бар.Біз ешкімге иек артпаймыз, тек жарық берсе болды, - дейді О. Тілеубаев.

Мұндағы тұрғындардың тағы бір проблемасы бар:  былтыр қасқырлар 50 шақты малды қырып кеткен. Биыл да шығыннан қашып құтылу мүмкін болмай отыр. 

Айнұр САПАРОВА

Суреттерді түсірген автор

2 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.