19 қыркүйек күні сағат 18.00 шамасында полицияға Исатай ауданы, Аққыстау ауылының 30 жастағы тұрғыны аулаға шығып, оралмаған 5 жасар баласының жоғалып кеткенін хабарлады.
АПБ қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кірісіп, көп ұзамай олардың бірі ауладағы септиктен шыққан дыбысты естиді. Жоғалған баланың дауысы екен. Полиция бірлесе жұмылып, баланы шығарып, ауруханаға жеткізді. Баланың жағдайы жақсы.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған бейнежазба