Атырау, 27 қараша 05:38
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бүгін Махамбет ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

673 просмотра

Бүгін аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Аудан әкімінің қабылдауына 31 тұрғын қатысты.

Тұрғындардың көтерген мәселелерінің басым бөлігі тұрғын үй, білім беру, жұмыссыздық, арнаулы әлеуметтік көмек, коммуналдық мәселерге қатысты сұрақтар болды.

Аудан басшысы тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша заң аясында түсінік беріп, жауапты бөлім басшыларына азаматтардың өтініш-талаптарын жан-жақты қарауды тапсырды.

Әкім тұрғындарды жеке мәселелері бойынша ай сайын кезекті қабылдау жүргізеді. Келесі қабылдау ағымдағы жылдың 18-қазан күні өтеді. Қабылдауға кез келген тұрғын алдын ала жазылусыз келіп қатыса алады.

Қабылдау уақыты:
Әр айдың үшінші аптасының сәрсенбі күні
Сағат 09:00-13:00 аралығында өткізіледі.

Мекен жайы: Махамбет ауылы, Абай көшесі №16, “Аудан әкімдігі” ғимараты. Қосымша ақпаратты 2-11-93 нөмірінен алуға болады.

20 қыркүйек 2023, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.