Атырау, 22 маусым 19:24
 дождьВ Атырау +26.9
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Жайық өзенінде екі моторлы қайық соқтығысып, бір адам қаза тапты

1 151 рет қаралды

Бүгін, 20 қыркүйекте шамамен сағат 07:00-де Жайық өзенінде екі моторлы қайық соқтығысты. Бір адам қаза тауып, тағы біреуі ауыр жарақат алды.

Қайғылы оқиға қала маңындағы Дамбы ауылы маңында болды.

- Оқиға салдарынан 1974 ж.т. азамат оқиға орнында қайтыс болып, 1973 ж.т. азамат ауыр халде облыстық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады полиция департаменті. - 1988 және 1992 ж.т. моторлы қайық жүргізушілерінің су көлігін жүргізуге құқығы бар екені анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

ПД жолдаған сурет

20 қыркүйек 2023, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.