Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген сұйытылған мұнай газын сатуға квоталар беру саласындағы мониторинг барысында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Антикор хабарланғандай, тәуекелдер цифрландырудың жоқтығын, яғни адам факторының қатысуын, комиссия отырыстарында бейне және аудио жазбаларды қолданбауы, сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемі туралы кәсіпкерлік субъектілеріне хабарлау кезіндегі және жосықсыз кәсіпкерлік субъектілеріне тарату кезіндегі тәуекелдерді көздейді.
– Мониторинг аясында газды жеткізу көлемінің азаюы мен кірістің азаюынан шығынға ұшыраған кәсіпкерлердің құқығы қорғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Атырау облысы ӨКП және Энергетика басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған отырысында 27 кәсіпкерлік субъектісіне жалпы сомасы 996 тонна сұйытылған газды қосымша бөлу туралы шешім қабылданды, - деп хабарлады Антикорда.
Алайда, ол қандай кәсіпкерлер екені және шығынның көлемі айтылмайды.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА