Атырау, 29 қыркүйек 02:36
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«Еңбек жолының» жеңімпаздары

Сурет
851 просмотра

19 қыркүйек күні облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ облыстық «Еңбек жолы» сайысының жеңімпаздарын қабылдады. Бұл байқау 2016 жылдан бері ел бойынша «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің жас маманы» және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»  аталымдары бойынша өткізіліп келеді.

- Байқау өнімді еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын танымал етуге және жұмысшы әулеттердің көпжылдық еңбектерін ұлықтауға бағытталған. Сіздердің атқарған қызметіңізге деген адалдығыңыз өскелең ұрпаққа үлгі. Адам қандай қызметпен айналысса да оны сапалы меңгерген дұрыс, - деді С.Шәпкенов.

Өңірімізде теміржолшылар Мырзағалиевтар отбасы үздік еңбек әулеті, Қуандық Нәсіпқалиев өндірістің үздік жас қызметкері, Гүлнар Көшкімбаева жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері болып танылды. Енді олар Астанада өтетін республикалық жарысқа барады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

20 қыркүйек 2023, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.