Кирилл Герасименко: «Қазақстанда үстел теннисі танымал спорт түрі болады – бұл тек уақыт мәселесі», - деген ойда. Әрине, бұл жоғары жылдамдықтағы жекпе-жектердің қаншалықты керемет екенін осы спорт түрінен бірнеше дүркін чемпионнан артық кім біледі деп ойлайсыз. Сұхбатты оқып, спортшының Олимпиаданың алтынына барар жолында қолдау көрсетіңіз.
Сіз қандай жетістіктеріңізді мақтан тұтасыз және қандай олжаны қанжығаға байлауды армандайсыз?
Менің мансабымның ең жарқын сәті 14 жасымда Қазақстан бойынша ересектер чемпионатындағы алғашқы жеңісім болып қала береді. Бұл мен үшін және менің отбасым үшін өте маңызды оқиға болды. Келесі кезекте мен ересектер санатына ауысып, халықаралық аренаға шыққаннан кейін, Олимпиада ойындарына іріктеуі болып отыр. Мен қарсыласымнан Гонконгта бірінші орынды жеңіп алып, өз елімнің атынан өкілдік ету құқығына ие болған сәттегі эмоцияларым әлі есімде. Содан бері менің арманым өзгеріссіз келеді - әр спортшының ең қымбат және қалаулы олжаларын – Олимпиада алтыны мен әлем чемпионы атағын жеңіп алу болып табылады.
Сізге үстел теннисінен не ұнайды? Неліктен қазақстандықтар осы спорт түріне назар аударуы керек?
Маған оның өте күрделі болғаны ұнайды, бірақ бір қарағанда олай көрінбеуі мүмкін. Бірақ сіз оған басыңызбен кетіп ойнайтын болсаңыз, соғұрлым қызықты болып кетеді: ол көптеген айналуларға, соққыларға, топ-спиндерге және керемет маневрлер жасауға мүмкіндік беретін басқа да трюктерге ие.
Үстел теннисі Азия елдерінде әрқашан танымал болып келген. Көптеген адамдар турнирлерді үнемі бақылап отырады, дегенмен Қазақстанда ол әлі даму сатысында. Мен қызығушылық танытқандарға тек мұқият қарап қана қоймай, тенниспен айналысып көруге кеңес берер едім. Жүйе мен ойын ережелерін жақсы түсіне бастағанда, матчтар одан да қызықты болып кететініне күмән жоқ.
Қазақстанда кәсіби үстел теннисінің деңгейін қалай көтеруге болады?
Менің ойымша, біз болашақта осы спорт түрінің қарқынды өсуін көретін боламыз - бұл уақыт мәселесі. Бізде үстел теннисінің 9 орталығы салынып, шетелдік жаттықтырушыларды белсенді шақырудамыз. Балалар теннис секциясына көптеп келе бастады, бұл салауатты бәсекелестік үшін қолайлы жағдай жасайды. Болашақта мықтырақ, жақсырақ, осы спорт түрінде дамығысы келетіндер таңдалатын болады. Осылайша, біздің спортшыларымыздың деңгейі ғана емес, аудитория арасындағы қызығушылық та артады деген ойдамын.
Жақында сіз Parimatch амбассадоры болдыңыз. Брендпен серіктес болу шешіміне қалай келдіңіз?
Ең алдымен, мен әрқашан көбірек жұмыс істеуге, жаттығуға күш салуға және арманыма жетуге ынталандыратын демеуші табуды армандайтынмын. Спортта мотивациясыз және нақты мақсаттарсыз өте қиын, сондықтан менің дамуыма серпін бере алатын серіктесті кездестіргеніме қуаныштымын. Менің ойымша, Parimatch-пен ынтымақтастық менің мансабымды одан әрі ілгерілетуге және танымалдығымды арттыруға көмектеседі.
Жақын болашаққа қандай жоспарларыңыз немесе амбицияларыңыз бар?
Келесі жылы Олимпиада ойындары өтеді, сондықтан бұл кезең көптеген турнирлерімен өте қиын болады. Менің Олимпиадаға дейінгі жоспарым, әлемдегі ең мықты 20 спортшының қатарына кіру. Біздің федерациямыз бен жаттықтырушыларымыз қазірдің өзінде кездесулерді белсенді түрде өткізіп, мен осы мақсатқа жетуім үшін барын салуда. Әрине, мен Олимпиадаға қатысқым келеді, өзімді жоғары деңгейде көрсетіп, мүмкін емес көрсеткіштерге қол жеткізуге тырысып, алғашқы медалімді жеңіп алғым келеді.
Алдағы турнир 22 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Жазғы Азия ойындары аясында өтеді. Мен отаныма жеңіспен оралу үшін белсенді түрде жаттығып жатырмын. Осы мақсатқа жетер жолда отандастарымның қолдауы мен үшін ерекше маңызды. Мен үшін жанкүйер боласыз ба?