Көлікті шыр айналдырған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«17 қыркүйекте патрульдік полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде әуежай алаңында «Мersedes» маркалы автокөлігінің шыр айналып жүргенін байқады.
Тексеру барысында 19 жастағы жүргізушінің сақтандыру заңнамасын да бұзғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 5-бөлігі және 230-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады полициядағылар.