Атырау, 27 қараша 07:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Елдегі құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша Атырау көш бастап тұр

694 просмотра

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстарының орындалуы және объектілерді пайдалануға беру туралы мәліметтерді жариялады

Биылғы сегіз айда Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 11,4% өсіп, 3521,8 млрд теңгені құрады. Атырау облысының құрылысшылары құрылыс қызметін 714 млрд теңгеге атқарған, бұл жалпы республика көлемінде көш бастап тұрған 20,3 пайызды құрап отыр. 

Өңірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 367 182 шаршы метрді құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,7%-ға аз. Жеке құрылыс салушылар 352 904 ш.м. пәтер салды, оның ішінде халықтың өзі жүргізген құрылыс саны 282 456 ш. м., шетелдік компаниялар 14 278 ш. м. тұрғын үйді (11 жатақхана) пайдалануға берген.

Жеке тұрғын үй көп салынды: жалпы ауданы 279 464 шаршы метрді құрайтын 1 773 үй. Көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға беру айтарлықтай төмедеді - жалпы ауданы 73 258 шаршы метр болатын 19 үй ғана пайдалануға берілді, бұл 2022 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 45,7% құрап отыр.

Облыс бойынша 1 шаршы метр тұрғын үй құрылысының орташа нақты құны 138 100 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33 пайызға қымбаттады.

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында 4000 орындық 2 орта мектеп (екеуі де BINOM мектебі) және ауысымына 50 адам қабылдайтын екі ауылдық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

19 қыркүйек 2023, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.