Атырау, 27 қараша 07:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Индер-Қарабау-Сағыз» бағытындағы тас жол жыл соңына дейін көлік қозғалысы үшін ашу жоспарланды

837 просмотра

18 қыркүйекте Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ Қызылқоға ауданы Жамбыл ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті.

Бұл ауылда мектеп пен балабақша мәселесі өзекті болып тұр. 

- Қаракөл ауылдық мектебінде күрделі жөндеу 2011 жылы жүргізілген. Қазіргі уақытта оқу ошағының сыртқы қасбеті жөндеуді талап етеді. Сондықтан мектептің сыртына ремодернизация жасау жоспарланып отыр. Мектепте оқитын оқушы саны аз болғанымен, балабақшаға кезек көп. Сол себепті келесі жылы міндетті түрде жаңа балабақша құрылысы басталады. Атап өту керек, «Индер-Қарабау-Сағыз» бағытындағы тас жолының жыл соңына дейін екі қабатын төсеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы үшін ашу жоспарланды. Сондай-ақ 2024 жылы Қаракөл ауылында спорт кешені салынады, - деді С.Шәпкенов. 

Содан кейін өңір басшысы жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдады. Тұрғындар ауыз су мәселесі, тас жолдардың сапасы, мектеп пен балабақша құрылысы, көше жарығын жүргізу мәселесін көтерді.

С.Шәпкеновтің Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі Қызылқоға ауданы әкімдігінің  Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. 

Анықтама үшін: Жамбыл ауылдық округінде 1564 адам тұрады. Мұнда мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория сынды әлеуметтік нысандар бар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

18 қыркүйек 2023, 19:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.