Атырау, 27 қараша 07:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Екі ауылдың әкімі сайланды

789 просмотра

17 қыркүйекте Исатай ауданының Зинеден және Исатай ауылы халқы өз әкімдерін сайлады. 

Тікелей сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес осы екі ауылдық округ әкімдерінің өкілеттіктерінің (4 жылдық мерзім өтті) тоқтатылуына байланысты өткізілді. Әр округтен үш кандидатурадан ұсынылды: Исатай округі бойынша Асылан ҒҰБАШ, Қуаныш ТАХАЕВ, Нұрберген ҚАБДЫҒАЛИЕВ, ал Зинеден ауылы әкімдігіне Ерлан МАХСОТОВ, Ринат ЕСҚАЛИ, Нұрлан МҰРАТ түсті.

Кандидаттар алдын ала үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп, халықпен кездесіп, пікірталас ұйымдастырды.

Сайлау қорытындысы бойынша Исатай ауылдық округіне 69, 4 дауыс жинаған ("Аманат" партиясынан) А. Ғұбаш, Зинеден ауылы округіне (ол да "Аманат" партиясынан ұсынылған) 61,7 дауыспен Е.Махсотов сайланды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті Исатай ауданы әкімдігі ұсынды

19 қыркүйек 2023, 02:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.