Бүгін, 18 қыркүйекте күндіз «АЖ»-ға жолаушылардың бірінен Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайда эвакуация жүргізіліп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оның айтуынша, әуежайға бомба қойылған деген қауесет жүрген.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазір тергеу жүріп жатқанын айтты. Сәлден соң полицейлер жарылғыш зат туралы болжамды ақпараттың жалған болып шыққанын хабарлады.
Айнұр САПАРОВА
Атырау тұрғыны жолдаған сурет