Атырау, 27 қараша 07:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сот болғанша «ұлттық қыздар мектебі» жұмысын жалғастыруда

607 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Бүгін, 18 қыркүйекте Атырауда жекеменшік «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Білім күніне арналған салтанатты жиын өткенін хабарлап, жазба жариялады. 

Бұған дейін, 13 шілде күні Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен бұл мектептің жұмысы лицензиясыз жұмыс істегені үшін тоқтатылған. Бірақ сот шешіміне қарамастан мектеп жұмысын жалғастырып отыр.

Атырау облысы білім сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысы Бердібек ТАИШЕВ мұны заңбұзушылық деп отыр. Ал мектеп директоры Жұмазия ЖОЛМҰХАНОВАНЫҢ ұялы телефонына хабарласқанымызбен, жауап бермеді. Комментарий алу мүмкін болмаған соң бұл жерде мектеп басшылығы сот шешімі заң күшіне енбеді деп, жұмысын тоқтатпай отыр деп топшылау ғана қалып отыр. «Сот кабинетінен» «Қазақ ұлттық қыздар мектебінің» 14 тамызда сотқа апелляциялық шағым түсіргенін білдік. Ол 5 қазан күні Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасында қаралады.

Айнұр САПАРОВА

19 қыркүйек 2023, 02:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.