Биыл көктемгі су тасқыны кезінде Қызылқоға ауданы біраз қиындықты бастан кешірді. Жолдарды су шайып кетіп, тіпті қатты ағыс кезінде Миялы ауылы маңында ауданның 21 елді мекеніне қызмет көрсететін газ құбырын шайып, су бетіне шығарып жіберді. Көгілдір отыннан кідіріс болмаса да тұрғындар қыс кезінде не күйде болатынына кәдімгідей алаңдай бастаған.
- Халықтың бәрі газге сеніп қалған. Енді бірер айдан кейін күн суытқанда қаліміз қалай болар екен деп жүргеніміз рас, - дейді Миялы ауылының тұрғыны Хамидолла АБДРАХМАНОВ.
«ҚазТрансГазАймақ» компаниясы осы істі қолға алған болатын. Құбыр қауіпсіз жерге төселіп, магистралдық желіге қосылады. Қазірдің өзінде жұмыс жүріп жатыр, қызылқоғалықтардың енді қыстан қорқуына еш негіз жоқ сияқты.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді түсірген автор