«Сағат түнгі 3:00 шамасында Сәтбаев - Тайманов көшелерінің қиылысында патрульдік полиция қызметкерлері Lada Granta көлігін тоқтатты. Тексергенде 2002 жылы туған қала тұрғыны көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Сондай-ақ, Мұстафа Шоқай көшесінде сағат 23:43 шамасында дәл осындай құқық бұзушылықпен 1993 жылы туған BMW көлігінің жүргізушісі ұсталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жиналған құжат әкімшілік сотқа жолданды», - деп хабарлады ДП.
«Осыған байланысты тәртіп сақшылары көлік иелеріне жол қозғалысы ережесін сақтап, көлікті алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жүргізбеуді сұрайды», - деп ескертті ПД.