Атырау, 29 қыркүйек 04:26
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Атырауда күн ашық, ал Құрманғазыда жауын-шашын бар

Сурет
814 просмотра

13-15 қыркүйек күндері Құрманғазы ауданының кейбір ауылдарына нөсер жауын жауды. Әсіресе, Кудряшов, Құрманғазы, Бөкейхан, Сафон, Діңғызыл ауылдарында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан әлеуметтік нысандар, жолдар, үйдің аулаларын су басып қалды. 

Бұл мәселені аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссия қолға алды. Бірінші кезекте шұғыл түрде балабақша, мектеп, аурухана, базар, дүкен айналасы судан тазартылды. Асфалты жоқ көшелерді жиналған судан арылту үшін кейбір мекемелер демеушілік көмек көрсетті. "СинеМиданСтрой", "ҚұрманғазыСуАрнасы", "Зере" мекемелері техникамен жәрдемдесіп, сағатпен санаспай жұмыс жасап жатыр. 

"СинеМиданСтрой" ЖШС сонымен қатар "Атырау-Астрахан" трассасының айналма жолын жиналған судан тазартуды қолға алды.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 қыркүйек 2023, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.