15 қыркүйекте «Алмагүл» ықшамауданында жаңбырға қарамастан асфалт төселіп жатқаны туралы «АЖ»-ға бейнежазба жолданды. Бейнежазбаға сүйенсек, №20 үйдің ауласында жол жұмыстары жүріп жатыр.
«Ылғалды жерге» төселген асфалт қандай болуы мүмкін? Бұған жол ережелерімен қатаң тыйым салынады. Осыған орай қала әкімдігіне сауал жолдап, жауабын күтіп отырмыз.
Айнұр САПАРОВА