Осы жылы қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысы бойынша «АТС Град» ЖШС Атырау маңындағы елді мекендерді егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірледі. Әңгіме саяжай учаскелері туралы болып отыр. Осы қызмет бойынша өткізілген тендер туралы толығырақ білуді жөн көріп, бөлімге редакциялық сауал жолдадық. Жауапқа сүйенсек, 2022 жылдың қазан айында «ерекше тәртіпті қолдану» әдісімен өткізілген. ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, топографиялық түсірілімі бар егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуге» конкурс ұйымдастырылды.
Естеріңізге салсақ, жоспарлаудан кейін «саяжайлар» жеке сектор мәртебесіне ие болады және олар үшін қала әкімшілігі жауап береді.
Жоба қала маңындағы елді мекендерде орналасқан жалпы ауданы 1168,24 га алты бау-бақша аймағына бөлінген. «АТС Град» ЖШС жеңімпаз атанды. Қол қойылған алты келісімшарт бойынша деректерді ұсынамыз.
1. «Атырау қаласы Береке ауылындағы саяжай алқаптарының 52,7 га алаңында топографиялық түсіріліммен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу». Сомасы – 2 437 56,01 теңге. Төлем 2023 жылдың 10 мамырында жасалған.
2. «Атырау қаласы Тасқала ауылындағы саяжай алқаптарының 80 га алаңында топографиялық түсіріліммен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу». Сомасы – 2868 107,50 теңге. Төлем 2023 жылдың 10 мамырында жасалған.
3. «Атырау қаласының Сарыөзек аумағындағы саяжай алқаптарының 256,5 га алаңының топографиялық түсірілімімен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу». Сомасы – 8 282 711,09 теңге. Төлем 2023 жылдың 10 мамырында жасалған.
4. «Атырау қаласының «Геолог» ықшам ауданындағы саяжай учаскелерінің 155,3 га алаңына топографиялық түсірілім жүргізе отырып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу». Сомасы – 3 775 900,75 теңге. Төлем 2023 жылдың 10 мамырында жасалған.
5. «Атырау қаласы Атырау ауылдық округінің саяжай алқаптарының 337,3 га алаңына топографиялық түсірілім жүргізе отырып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу». Сомасы – 12 715 277 теңге. Төлем 2023 жылдың 10 мамырында жасалған.
6. «Атырау қаласының Қайыршақты ауылдық округіндегі саяжай алқаптарының 286,44 га алаңында топографиялық түсірілім жүргізе отырып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу». Сомасы – 10 762 547 теңге. Төлем 2023 жылдың 10 мамырында жасалған.
Айнұр САПАРОВА