Атырау, 27 қараша 07:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырауда да тазалық күні атап өтілді

836 просмотра

16 қыркүйекте Атырау облысы бойынша экология департаменті аймақтың атқарушы органдарымен, экобелсенділермен және волонтерлермен бірлесіп, облыс көлемінде «World clean up day 2023» акциясын өткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Яғни, олар аумақты қоқыстан тазартты. 

- Тазалық шарасы барысында қатысушылар Мечников көпірінен С.Бейбарыс көшесі көпірі және Атырау ықшамауданы тұсындағы айналма көпіріне дейінгі аралықты, облыстық балалар ауыруханасы тұсынан бастап Жайық жағалауын қоқыстан тазалады. Жыл сайынғы акция бүкіл әлем бойынша ұйымдастырылады. Атырауда өткен World clean up day шарасына 5 мыңға жуық адам қатысты, - деді Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМБЕТОВ. 

Акция аясында барлығы 151 тонна қоқыс жиналды. Оның ішінде 15 тонна шыны, 89 тонна пластик, 21 тонна резеңке, 23 тонна қағаз, 3 тонна металл бар. Жиналған қоқыс «Арнайыавтобаза» ЖШС-нің қоқыс полигонына жіберіледі.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті ұсынған ӨКҚ

17 қыркүйек 2023, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.