Атырау, 28 сәуір 05:37
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Шабақтар құтқарылып жатыр

Бейнежазба
1 270 просмотра

Оқырманымыз жолдаған видеода миллиондаған шабақ өзеннен бөлініп кеберсіген тоған ішінде қалған. Видео авторы бұл жағдайға шошынып:

- Егер шұғыл қолға алмаса, шабақтар өледі, - дейді ол. – Тоған Қызылқоға ауданындағы Тасшағыл ауылына баратын жолдың бойында орналасқан. Бұл жерде сазан, мөңке және басқа да көптеген қара балық түрлері бар. Адайкөл, Бәйтек, Арал және Тиын көлдерінде де дәл осындай жағдай. Себебі көктемде су көп келді, балық уылдырық шашты, ал су болса  тартылып жатыр... Оларды құтқаруға көмектесіңіздер!

Белгілі болғандай, бұл видео әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін жергілікті атқарушы орган, Индер балық инспекциясы басқармасының өкілдері және жергілікті ауыл активі шабақтарды құтқару шараларын дереу қолға алған. Қазір сол жерде тұратын еріктілер балықты аулап, өзенге жіберіп жатыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

«АЖ» оқырманы жолдаған бейнежазба

3 қыркүйек 2023, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.