28 тамыз күні Атырау қаласында түтін иісі сезілуіне байланысты Атырау облысы ТЖД қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына барлау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде ешқандай өрт ошағы мен бықсыған жер анықталмады.
Сонымен қатар, ТЖД «Ақжайық» МТР-мен, «Тасқала», «Кеңөзек», «Дамбы» ауылдық округтерінің әкімдіктерімен бақылау жүргізіп отыр.
«Өрт ошақтары анықталған жағдайда қосымша хабарланады», - деп хабарлады ведомство.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА