Атырау, 10 желтоқсан 15:33
 бұлттыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Астанадан келіп, алқымнан алады

3 691 просмотра

26 сәуірде «Жайық-Каспий бассейнінде бекіре тұқымдас балықтардың популяциясын сақтау проблемасы» тақырыбында Бас прокуратураның селекторлық кеңесі өтті.

АЗАЙЫП БАРАДЫ

ҚР Бас прокуроры Асхат ДАУЫЛБАЕВ атап өткендей, соңғы он жылда Каспийдегі бекіре балықтарының саны 98 пайызға кеміп, қарқынды түрде азайып бара жатыр екен. Браконьерлік жолмен балық аулау бұрыннан өнеркәсіптік бағытқа ие. Ал соңғы үш жылда бірде-бір ұйымдасқан қылмыстық топ анықталған жоқ. 2010 жылдың желтоқсанынан бері ҚР үкіметі бекіре тұқымдастарды коммерциялық бағытта аулауға лимит беруді тоқтатты. Оған тек ұдайы өндіру және ғылыми мақсаттарға ғана рұқсат етіледі. Балық санының азаюына Жайықтың нашарлап бара жатқан ахуалы себепші болып отыр. Балықтардың уылдырық шашатын орындарға баратын жолдарына тереңдету жұмыстарын жүргізбейінше, популяцияның артуы мүмкін емес. 2011 жылы жүргізілген зерттеулер бұрынғы уылдырық шашатын орындардың үштен екі бөлігі тайызданып, шабақтардың көбеюі үшін жарамсыз екендігін көрсетіп отыр.

Бүгінде елімізде бекіре балығын өсіретін екі - Атырау және Орал-Атырау зауыттары бар. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 7 млн шабақты құрайды. Бұл басқа Каспий өңірі мемлекеттерімен салыстырғанда өте аз. Шабақтарды өсіру көлемін 12-15 млн шабаққа дейін көбейтуді 2009-2011 жылдары екі зауытты қайта жарақтау арқылы жүзеге асыру жоспарланған болатын. Бірақ бұл жоба 2014-2016 жылға ауыстырылды.

Қазір Маңғыстау облысында қуаттылығы жылына 100 тонна балық болатын тауарлық-бекіре өсіру фермасы жұмыс істейді. Ақтөбеде, Алматыда, Павлодар мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында бекірелерді осылай өсіреді. Бұл жобаларға жеке кәсіпкерлер инвестиция салған. 2012 жылы Каспий өңіріндегі бес мемлекет өкілдері бекіре тұқымдас балықтарды аулау мораторийіне қол қояды деп күтілген еді. Оған 2012 жылы қарашада Бакуде қол қойылуы тиіс болатын, алайда Иран мен Түркіменстанның бұған келіспеген ұстанымы салдарынан осынау елеулі оқиға болмай қалды. Каспийдің реттелмеген құқықтық мәртебесінің төмендеуі де   браконьерлермен күрес тиімділігін төмендетіп отыр. Соның нәтижесінде халықаралық браконьерлер тобы құқыққорғау органдары мен шекарашылардың қуғынынан бейтарап суларда тасалана алады.

Өз баяндамасында Атырау облысының прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ орынбасары Серік ШАЛАБАЕВТЫҢ 9 сәуірде өткен облыстық әкімдік кеңесінде жасаған баяндамасын қайталады десе болады ("Прокуратура балық қорғау инспекциясы мен су полициясының қызметіне риза емес").

 

КЕШЕГІ КҮННІҢ ҚАҺАРМАНДАРЫ

Бас прокурордың орынбасары Андрей КРАВЧЕНКО Атырауға Бас прокуратураның жедел топ қызметкерлер тобын жіберуді ұсынды. Сонымен қатар Атырау облысында бірнеше жыл бұрын Бас прокуратура мен ҰҚК-нің сәтті өткен біріккен операциясы туралы еске салды. Оның айтуынша, сол кезде «тәртіпке келтіргені сондай, Бас прокуратураға үкіметтен адамдар келіп, мұндай қатал шаралар алуға болмайтынын» айтыпты. Ал біздің жергілікті тұрғындар мен журналистердің мұндай акция болғаны есінде қалмапты.

Атырауда өткізілген құқыққорғау органдарының кеңесінен кейін үш жыл өткен соң көрсеткіштер болмаған күйде әлі тұр, - деп наразылық білдірді Кравченко. – Браконьерлерден тәркіленген балықтың көп бөлігі – қара балық. Кәсіпорын көптен бері жұмыс істемей тұрса да, сауда нүктелерінде қара уылдырыққа «Атыраубалық» АҚ сертификаттары неліктен берілетіндігі жедел топ қызметкерлерінің ешқайсысын қызықтырмайды.

…Исатай ауданының аумағында жүздеген адам браконьерлік жасайды деп күдіктеліп отыр. Ал көлік бақылау органдарында сол жердегі 132 шағын кемелер ресми түрде тіркелген, оның 26-сы – байдалар. Есепке алынбаған қайықтар қаншама? Аудан прокуроры аттестаттау кезінде лауазымына лайық емес деп танылды.

Ол сонымен қатар, көктемгі балық аулау маусымының мерзімін ұзарту туралы үстіміздегі жылдың 15 сәуіріндегі үкімет қаулысын жою туралы мәселені көтерді.

Біз балықты оны көбею кезеңінде аулауға тыйым салуға соншама жүріп қол жеткіздік. 2011 жылдың көктемінде Атырау облысының әкімдігі парламентте кәсіпшілікпен аулау мерзімдерін көбейту туралы өтініш берді.. Біз «қарсы» болдық. Дегенмен де бұл мерзімді ұзартқан еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

29 сәуір 2013, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.