Атырау, 27 қараша 12:50
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Алматы мен Астанаға атыраулық ҮЕҰ-ға арналған қанша қаржы «кетті»?

Сурет
1 579 просмотра

ТШО-ның әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бөлетін қаржысына қатысты дау басылар емес. «АЖ» редакциясы грант мәселесін тереңірек түсінуге тырысты. Сонымен, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы бойынша ТШО-дан ақшаны қалай және кім ала алады және 2023 жылы «таңдалғандар» тізіміне кімдер кіреді?

Ашық ақпарат көздеріндегі мәліметке сүйенсек, биыл Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы бойынша 21 жоба жүзеге асырылуда. Грант алушылар арасында қоғам белсенділері Ерлан Күмісқалиев, Гүлназ Қосмурзиева, Жібек Бисенова, Алтынай Серікбай және басқа да үкіметтік емес ұйымдар, соның ішінде жергілікті емес ұйымдар бар.

Азаматтық қоғам бір күнде пайда болмайды

Өткен жылы үйішілік ПИК-чаттарында ТШО тұрғындарға аулаларында ойын алаңдарын салуға көмектесуді жоспарлап отырғаны туралы жаңалық пайда болды. Біреулер мұны жөндеуге ақша жинау үшін кезекті хабар деп ойлады, бірілері ортақ чаттан шығып кетті, енді бірі мүлдем алаңдамай, жергілікті қала билігі мемлекеттік бағдарлама аясында алаңдарды өздері орнатқанша күтуді ұйғарды.

Кейбіреулер белгіленген уақытта кездесуге келіп, ТШО-ның осы мәселеге қатысты ақпаратын тыңдауды жөн көрді. Бірақ ойын алаңдарын өз күштерімен салып, әкімдік топырақпен көмектесіп, ал ТШО балалар алаңының құрылысына орта есеппен 3,5 миллион теңге бөлетіні, онда да өзі салмай, қаражатты үлестірумен «Орталық Азия Евразия қоры» айналысатыны белгілі болды. Осыдан кейін ауласын абаттандырғылары келгендердің тағы бір бөлігі "қысқарды". Бірақ бұл қаражатты жоқтан жақсы деп ойлағандар өз таңдауларына әлі де өкінбейді.

«Болашаққа үмітпен» жобасының жетекшісі Анастасия БАЙКУТОВА:

- Ойын алаңы шынымен де ауламызды өзгертті деп айта аламыз. Әлеуметтік желіде кейбір адамдар бұл жобаны атыраулық үкіметтік емес ұйым жүзеге асырмағанын айтып жатқанын білемін, бірақ маған бұл шынымен де адамдардың өмірін жақсартуға көмектесетін болса, онша маңызды емес сияқты. Оның үстіне, жоба біздің облыста, біздің балаларымыз үшін жүзеге асырылуда.

Тұрғындардың айтуынша, бұл алаң балалардың өз үйлерінде ғана емес, көршілес үйлерде де бас қосатын орынға айналған. Бірақ соған қарамастан, әрбір бала өз әткеншектерінің бүтіндігіне жауапкершілікті сезінеді, өйткені олардың ата-аналары күн сайын жұмыстан кейін осы ойын алаңының әр бұрышын құрып, ретке келтірді.

Айта кетейік, биыл «Қоғамдық кеңістіктер» жобасына 5 жыл толды. Ал Атырауда жұмыс істей бастағанына аз ғана уақыт болса да (бұған дейін жұмыс тек Жылыой ауданында жүргізілді – 80-нен астам нысан салынды), қала тұрғындарына сүйікті жобаларының біріне айналды. Айта кетерлігі, бағдарламаға кез келген адам қатыса алады, уақыт пен ықылас болса, қаражат та бөлінеді. Мүмкін сіздің ықшам ауданыңыздағы алаң да ТШО бөлген қаражатқа салынған шығар?

Ал Sezual деген не?

Егер «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы шеңберінде сырғанақ пен әткеншек түрінде Атырау үшін салынған қомақты үлес екені анық болса, Sezual бірлестігіне қатысты толық түсінікті емес. Олар кімдер және олар немен айналысады?

Сонымен, Sezual - мүгедектердің қоғамдық бірлестігі, оның басшысы Ғалымжан ҒАБДІРЕШОВ қазақстандық ғалым, өнертапқыш еліміздің астанасында тұрады. Бірнеше жыл бұрын алған жарақатының салдарынан зағип болып қалған. Қазір оның денсаулығы қалпына келді, бірақ бастан өткерген барлық сезімдерін ғалым өзінің өнертабысына енгізіп, 3 тілде бірінші электронды Брайль оқулығын жасап шығарды. Ғалымның айтуынша, бұл өнертабыс елімізде бірінші болып атыраулық балаларға табысталған.

Ләззат ТӨЛЕПОВА, облыстық арнаулы мектеп-интернатының директоры:

- «Брайл қарпіндегі өздігінен оқытылатын кітаптарды пайдалану өте оңай: оларды кез келген жерде өзіңізбен бірге алып жүруге және кез келген ыңғайлы уақытта әліпбиді үйренуге болады. Сандар мен әріптер жағымды дауыспен айтылады, көптеген ата-ана балаларымен үйде қосымша тифлопедагогтың көмегінсіз оқиды. Осының арқасында мұғалімдер сабақ уақытын үнемдеп, оны тақырыпты егжей-тегжейлі түсіндіруге арнай алады. Бізде денсаулығына байланысты Брайль шрифтін меңгеруде қиындықтарға тап болған 4-сынып оқушысы Дәулет Әли және 6-сынып оқушысы Мұратұлы Мансур балаларымыз бар, бірақ олар бұл оқулықта сандар мен әріптерді тез меңгеріп алды. Бұл оқу құралын көру қабілеті бұзылған балалар мен олардың ата-аналары ғана емес, сонымен қатар егде жаста көру қабілетінен айырылған адамдар да оңай меңгереді деп сеніммен айта аламын.

Биыл ғалымдар бұдан кем түспейтін қызықты өнертабыспен таң қалдыруға уәде беріп отыр. Ал әзірге атыраулық балалардың әліпбиді үйренудегі нәтижелері электронды өздігінен оқу нұсқаулығының арқасында (әріптерді араластыру қателері 50%-дан 0%-ға дейін азайтылды, ал барлық таңбаларды есте сақтау жылдамдығы 20%-дан 100%-ға дейін өсті!) өзгергенін атап өтеміз. Нәтижесінде бұл өзгерістер ҚР Сыртқы істер министрлігімен осы құрылғыны көру қабілетінің бұзылған адамдар үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен міндетті құралдар тізіміне енгізу туралы талқылауға әкелді.

Жас өнертапқыштар

Сонымен, «жергілікті емес» ҮЕҰ арасында оқушылар мен студенттер арасында экологиялық жәрмеңке ұйымдастыру арқылы өз жобасын аяқтаған «Білім баріне» ҚҚ да болды. Ол жәрмеңкеде балалар қоршаған ортаны сақтауға және жасыл энергияға көшуге арналған экспонаттарын ұсынды. Олардың қатарында пластмассадан асфальт төсемін дайындау жобасын әзірлеген Фархад Кабен бар.

Фархад КАБЕН, жобаға қатысушы:

- Біздің жобамыз «Экологиялық таза жолдар» деп аталады. Біздің топ жүргізген зерттеулер арқылы қайта өңделген пластикалық жол жабындарының бірқатар артықшылықтар беретінін анықтадық: олар берік, өндіруге арзан, СО2 шығармайды, сонымен қатар оларды оңай жөндеуге болады. Осы жоба арқылы біз адам өмірінің осы баламалы және экологиялық зияны аз жолдары туралы көбірек айтқымыз келеді.

Медицина қызметкерлерінің білімін арттыру

Жылыой ауданының медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Қазақстан отбасылық дәрігерлер қауымдастығы (әрі қарай ҚОДҚ) туралы да айта кеткен жөн. Жылыойлық дәрігерлер тұрақты тренингтер, практикалық сабақтар мен лекциялардан бөлек, биыл тәжірибе алмасу мақсатында Тараз қаласына да барды.

Ғалия ҚАЛИЕВА, Жылыой аудандық емханасының бөлімше меңгерушісі:

- Дәрігер ретінде облысымыздағы ҚОДҚ жұмысының нәтижесінде белгілі бір өзгерістерді байқап отырмын. Біздің дәрігерлер артериялық гипертензия, қант диабеті, бронх демікпесі және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі сияқты ауруларды анықтауда біліктіліктерін арттырды, сондай-ақ онкологиялық ауруларды анықтаудың соңғы үлгідегі жабдықтарымен жұмыс істеуді үйренді. Ең бастысы, осының барлығы бізге қазақ тіліндегі көрнекі құралдар арқылы түсіндіріледі, бұл біздің ауданда өте маңызды.

Ал басқа жобалар туралы не деуге болады? Олардың барлығы жергілікті ҮЕҰ-дар екен.

Бірақ олар туралы келесі мақалада айтатын боламыз. Ал енді сіздер не дейсіздер, құрметті оқырмандар, бұл жобалар туралы естідіңіз бе және оларды біздің өңірге пайдалы әрі қажет деп санайсыз ба?

22 тамыз 2023, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.