Атырау, 27 қараша 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өртенген аумақтың жалпы көлемі 690 гектарға жетті

1 246 просмотра

9 шілде сағат 8-дегі ақпарат бойынша теңіәз жағалауындағы  қамыс жанған жердің аумағы 690 гектарға жетті, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

«Аэровизуалды барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша ашық оттың жанған ошақтары анықталған жоқ. Алайда қамыс бықсып жатыр. Тікұшақтың көмегімен 11 рет су шашылды. Жұмыстар әлі де жалғасып жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Қамыс жануын жоюға Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары, "Ақжайық" МТР, "Казавиақұтқару" АҚ барлығы 97 адам, 15 техника, 4 мотопомпа жұмылдырылды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

9 шілде 2023, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.