Атырау, 30 қыркүйек 16:38
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда соңғы екі жылда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 300 адам көз жұмған

635 просмотра

Осындай құқықбұзушылықтар бойынша 37 мыңнан астам адам жауапқа тартылған

Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы екі жарым жылда үйдегі зорлық-зомбылықтың салдарынан 300 адам көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысының тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару керек. Статистика көңіл көншітпейді. Соңғы екі жарым жылда үйдегі зорлық-зомбылықтың салдарынан 300 адам көз жұмды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 878 фактісі және орташа зиян келтірудің 808 фактісі тіркелген. Осындай құқықбұзушылықтар бойынша 37 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтті Президент.

Ол жағдайды түзеу үшін алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу қажет екеніне тоқталды.

«Бұл жерде учаскелік инспекторлар шешуші рөл атқарады. Уақтылы шаралар қабылданса, отбасылық және тұрмыстық ұрыс-керіс кезінде жасалған қылмыстардың көпшілігінің алдын алуға болар еді. Яғни біреудің өмірі мен денсаулығын сақтап қалар едік. Мұны тәжірибе көрсетті. Қоғам сіздерден отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тиімді әрі жүйелі іс-әрекет күтеді. Бұл мәселе әділетті мемлекет құру үшін өте маңызды», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген әлеуметтік кеселдің түп-тамыры, соның ішінде қылмыс көбіне тұрмысы нашар отбасылардан бастау алатынын тілге тиек етті.

«Мұндай отбасылардағы зорлық-зомбылықтар балалардың сана-сезіміне және психикасына кері әсерін тигізеді. Сондықтан құқық қорғау органдары адамдардың құндылықтар жүйесі мен мінез-құлық моделін өзгертуде шешуші рөл атқара алады және атқаруы қажет», - деді ол.


30 маусым 2023, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.