Атырау, 30 қыркүйек 16:26
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ауылға жас мамандарды тартуды шұғыл жолға қою қажет – мәслихат депутаты

517 просмотра

Абай облысы мәслихатының депутаты Шағангүл Жанаева «AMANAT» партиясы депутаттарының республикалық форумында ауыл жастарының мәселесін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Жасыратыны жоқ, қазір ауылда маман жетіспейді. Өзім колледжде студент жастармен жұмыс жасайтындықтан, жастардың жағдайын жақсы білемін. Оқу бітірген соң ауылға барайын десе не жұмысы, не үйі, не күйі жоқ. Сондықтан жастар ауылдан қашады. Ауылға жас мамандарды тартуды шұғыл жолға қоюды ұсынамын. Қазірдің өзінде Абай облысы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2 мыңнан астам ауыл жастарына өз ісін бастау үшін шағын несие беру мүмкіндігін қарастырып жатыр», - деді ол.

Сондай-ақ, депутат «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде жас мамандарға тұрғын-үй сатып алу немесе салу үшін 600 адамға несие беру жоспарда бар екенін тілге тиек етті.

«Осы мәселелерді жастарға айтқанда, олардың көзінен үлкен қызығушылық пен зор үміт барын байқадым. Жастарға арналған бағдарламаларды жан-жақты түсіндіріп, оларды кәсіпке ынталандыру – біздің ортақ міндетіміз», - деді Шағангүл Жанаева.

30 маусым 2023, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.