Атырау, 30 қыркүйек 16:39
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Кейбірі өз еркімен жұмыстан кетті – Жамаубаев казино ойнаған әріптестері жайлы

754 просмотра

 Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ведомствоның казинода ойын ойнаған қызметкерлеріне қатысты ішкі тергеу жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұндай жағдайда аппарат басшысы мән-жайды анықтайды. Ол кадр мәселесіне тікелей жауап береді. Біз мұны тек заңнама аясында қарастырамыз. Қателеспесем, 25 қызметкерге қатысты осындай ақпарат болды. Барлығын қатысты ақпаратты тексеріп, тиісті шара қабылдадық», - деді ол Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, казинода құмар ойын ойнаған Қаржы министрлігінің бірнеше қызметкері жұмыстан шыққан.

«Олардың арасында бүгінде бізде жұмыс істемейтіндер де бар. Өз еркімен жұмыстан кетті. Тәртіптік жауапкершілікке де тартылғандар бар. Әрбір қызметкерге қатысты қызметтік тергеу және тексеру жұмыстарын жүргізіп, содан кейін ғана шешім қабылдадық», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Еске салсақ, Алматы облысының прокуратурасы казиноларға тексеру жүргізіп, еліміздің әртүрлі өңірінен 300-ден астам мемлекеттік қызметшінің құмар ойын ойнағанын анықтады. Олар казинода 507 млн теңге ұтылған.

30 маусым 2023, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.