Атырау, 30 қыркүйек 16:41
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Сенат және Мәжіліс депутаттары каникулға кетті

666 просмотра

Қазақстан Парламенті палаталардың бірлескен отырысында VIIІ шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы аяқталғаны туралы хабарлады. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттар каникулы басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс спикері Парламентке өткен барлық партия депутаттары белсенді жұмыс істегенін атап өтті.

"Бірінші сессия небәрі 100 күнге созылды. Қысқа болғанымен, атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болды. Сессияның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қызметіміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар іс жүзінде жүзеге асырылып, Парламентте қаралған заң жобаларының негізіне айналды. Бұл сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті", - деді ол.

Сондай-ақ, Ерлан Қошанов Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болғанын, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойғанын атап өтті.

30 маусым 2023, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.