Атырау, 27 қараша 20:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бүгін Алматы мен Атырау қалаларында ауа лас болады

1 278 просмотра

Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейінің жоғарылайтыны болжанып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазгидромет мәліметінше, 29 маусымда Алматы мен Атырау қалаларында ауада зиянды заттардың жиналуына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚМҚ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы болуы мүмкін.

Осыған дейін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар медициналық орталығының өкілі Роза Бәкенованың айтуынша, мұндай кезеңдерде далада ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Егер сіз сыртқа шықсаңыз, онда респираторларды, ылғалданған бетперделерді қолданыңыз. Мүмкін болса, қаланың сыртына шығыңыз. Терезелерді жабық ұстаңыз.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергологиялық орталығының басшысы Таир Нұрпейісов көліктер көп жиналатын қала орталығында жиі серуендемеуді ұсынады.

Еске салайық, ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері республикада найзағай ойнап, екпінді жел соғып, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. 1 шілдеде еліміздің батысында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте және Қазақстанның орталығында ауа райы жауын-шашынсыз.

29 маусым 2023, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.