Атырау, 30 қыркүйек 18:33
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

1 шілдеден бастап газ бағасы өседі. Өңірлерде 1 литр сұйытылған газ бағасы қанша болады?

892 просмотра

Баға 4 не 6 теңгеге артады. 

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан өңірлерінде 1 шілдеден бастап сұйытылған газдың 1 литрінің бағасы қанша теңгеге өсетінін жариялады.,- деп хабарлайды informburo.kz.

Агенттіктің түсіндіруінше, сұйытылған мұнай-газға көтерме бағаның 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін (20 пайызға) артуына байланысты 1 литр газ бағасы 4 теңгеге артса, темір жол тасымалын  талап ететін өңірлерде бөлшек сауда бағасына тағы 2 теңге қосылады:

Астана – 76 теңге;
Алматы – 81 теңге;
Шымкент – 64 теңге;
Ақтөбе облысы – 54 теңге;
Атырау облысы – 54 теңге;
Ақмола облысы – 76 теңге;
Алматы облысы – 81 теңге;
Шығыс Қазақстан облысы – 76 теңге;
Жамбыл облысы – 71 теңге;
Батыс Қазақстан облысы – 64 теңге;
Қостанай облысы – 76 теңге;
Қызылорда облысы – 64 теңге;
Қарағанды облысы – 76 теңге;
Маңғыстау облысы – 54 теңге;
Павлодар облысы – 74 теңге;
Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;
Түркістан облысы – 64 теңге;
Абай облысы – 76 теңге;
Жетісу облысы – 76 теңге;
Ұлытау облысы – 76 тенге.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 12 шілдеге дейін.


26 маусым 2023, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.