Атырау, 30 қыркүйек 18:31
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

27 маусым – Арапа күні ауыз бекіту сүннет. Қазақстан қалалары бойынша ораза кестесі

1 761 просмотра

Информбюро ораза кестесін ҚМДБ мәліметтері негізінде әзірледі.

ҚМДБ діни мерекелер кестесіне сәйкес, 27 маусым – Арапа күні. Арапа араб тілінен аударғанда "білу, анықтау, түсіну" деген мағынаны береді. Ислам дінінде Арапа күні – артықшылығы жағынан жұма күніне ұқсас күн. "Арапа жұмадан басқа күні жасалған жетпіс қажылықтан артық. Дұғалардың ең жақсысы да арапа күні жасалған дұға" деген сенім бар. Арапа күні жасалатын ең ізгі амалдардың бірі – ораза ұстау. Ол – сүннет. 

Ал 28-30 маусым аралығы – қасиетті Құрбан айт мерекесі. 

Сәресі дұғасы: Ниет еттім Алла разылығы үшін таңның атысынан күннің батысына дейін Арапа күнінің оразасын ұстауға. 
Ауызашар дұғасы: Уа, жаратқан ием! Таңның атысынан күннің батысына дейін Арапа оразасын ұстадым. Өзіңе иман келтіріп, өзіңе тәуекел еттім. Өзіңнің берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Менің бұрынғы және кейінгі күнәларымды кешір. 
Ескерту: Таң намазына 10-15 минут қалғанда ауыз бекітіліп, ақшам намазы уақытында ашылады. 


26 маусым 2023, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.