Атырау, 25 қараша 16:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Хиуазбен» Мәскеуге дейін

3 605 просмотра

.Метродағы эскалаторда оң жаққа тізіліп тұра қалады, себебі асыққандар құлатып кетуі мүмкін.Метродағы эскалаторда оң жаққа тізіліп тұра қалады, себебі асыққандар құлатып кетуі мүмкін...Небары екі сағат жарымда атыраулық ұшқыш «Хиуаз» әуелайнерімен бізді күн шуақты Атыраудан мәскеулік қысқы балшыққа бір түсірді. «О! Қар!» - деп таң болған біздің сегіз адамнан құралған делегация қалталары мен қаптамаларынан фотоаппараттарын шығара бастады. Бұл не қылғанымыз... Қар көрмеген африкалықтармыз ба... Бір жағынан түсінікті де, барлығымыз қарапайым нәрседен бір ерекшелікті көруге дайын едік.

Алайда, бұл туралы кейіннен. Алдымен рейс туралы, «Хиуаз» ұшағының Атыраудан Мәскеуге ұшқан алғашқы рейсі туралы айтайық. Ұшуға көтерілу жолы. Карамель кәмпиттер... Бұлттар төменде қалықтап бара жатыр. Енді тұруға болады.

Менің ұшақ ішінде осындай ресми емес жағдайда бірінші рет болуым. Бірнеше «бөтен» адамдар барлық камераларға, фотоаппараттарға және күмәнді адамдар кіріп-шығып жүрген есігі ашық тұрған ұшқыштар кабинасына таңдана қарауда...

- АН-24 ұшағында мүлдем басқа тақта. Мына жерде кеңістік, мұнда – жылдамдық, ал мұнда – биіктік тұрады, - деп мен ұшқыштар кабинасындағы көрсеткіш тақтасын қолыммен көрсетіп, сонау студенттік кезімде алған біліміммен мақтанып алдым. –Бірақ ол ұшақ ескі болды ғой, ал мынау - жаңа, барлығы электронды...қандааай қызық...

Бас ұшқыш Константин СКЛЯРОВ «настеньканы» (АН-24-тің лақап аты) жақтап бір нәрсе айтты да, екінші ұшқышқа маған «құлақша» алып беруге белгі беріп, кел, отыр, әңгімелесейік дегендей, креслоны ұсынды. Біраз уақыт мен әуе эфирінің толқындарында жүзіп жүрдім, шу арасынан ұшқыштың ұшақтар, оның түрлері, электроникасы туралы айтқан түсініктері жетіп жатыр... Түсінгендей басымды шұлғып отырмын. Міне, мен осылай ұшудың екінші жартысын мәскеулік Шереметьево әуежайына келіп қонғанша «рульде отырып» ғажап өткіздім.

...Мәскеу жаңбырмен қарсы алды – ұшақтың терезе тазалағыштары (ұшақта олар да болады екен) терезені сүртіп үлгере алмай жатыр. Біз осы қону жолдары арасында кішкене шатасып қалдық. Ұшқыштардың «Хиуазды» қай жолға саларын білмегені мені таң қалдырды. Алайда аз уақыттан кейін дәл тұмсығымыздың алдында кішкене жол көрсетуші - «Follow me» электронды жазуы бар машина пайда болды.

 

ҚЫТАЙ ДА,БУРЯТ ТА ЕМЕСПІЗ, БІЗ – ҚАЗАҚПЫЗ...

Бізді алып барған Алмас қоры мен Қару палатасындағы көрмелер туралы айтпай-ақ қояйын, өйткені бұл кереметтерді көзбен көріп, таңғалып, сүйсіну керек. Сонымен қатар, гидтің дауысы жазылған диктофонды құлағыңа қатты басуың қажет. Бұл бір өте ыңғайлы бұйым екен: әр залдың өз батырмасы бар. Үзіліс жасап, тоқтатып қойып, өзіңді қызықтырған затты жақынырақ мұқият қарауыңа, сондай-ақ, айналаңдағы адамдарды шолып шығуға мүмкіндігің бар. Шүкір, мұнда соңғылары да экспонаттар сияқты көп екен, олар да әр түрлі, әлемнің әр түкпірінен келгендер.

Міне, гидтерінің аузына қараған француздар тобы. Түрлері олқы-солқы, жағажай қалпағын киген немесе шаштарын дұрыс тарамаған, плацкарт вагоннан қазір шыққандай. Үнділер тобы өздерінің ұйымшылдығымен көзге түсті – олар залдан көп орын алмауға тырысқандай, бір-біріне тығылысып, балабақшадағы тәрбиешісін жоғалтып алған сәбилердей үрпиісіп қалған.

Біраздан кейін самбырлаған қытай сөздері естілді. Біздің топтарымыз бір-бірінің жанынан өткенде, бір сәтке араласып кетті және қызықты бір оқиға болды. Қытайлықтар, айта кету керек, бізге ашық бауырмалдықпен қызықтай қарады. Біздікілердің әрекеті одан да күлкілі: абыржыған жүздері: «біз – қазақпыз, қытай емеспіз... Қарамаңдар бізге, ана экспонатты тамашалаңдар...» деп тұрғандай.

 

ҮЙРЕК ЕРІНДЕР

Бұл жерден сауда жасау – арзымайтын іс. Бізді шопинг жасау үшін Қызыл алаңның қасындағы «Охотный ряд» сауда орталығына алып барды. Біз, атыраулықтар, баймыз ғой, бізді әлемдік брендтері бар ЦУМ-ға апарсаңдар да болатын еді... Әзірге, негізінен, қыздардың бетіне қараумен жүрмін.

...Мына кішкене қыздың ернінде шынымен гель ме, өз көзіме сене алмаудамын? Біреу, екеу, үшіншісі – бәрі де үйректей шүртиіп жүр. Ал еріндері табиғатынан қалыңдары әдейі шығарып алған. Бұл мұнда қатты сәнге айналған екен. Дүкенді екі сағат аралағаннан кейін, кездейсоқ айнаға көзім түсіп кетті. Ернімнің үйрекше шүйірленгенін көріп, шошып кеттім... Бұл - жұқпалы індет екен.

 

ЖАЗҒЫРУШЫ ЛАЗЕР  

Ұшқыш Константин Скляров Мәскеу әуежайында: Ұшқыш Константин Скляров Мәскеу әуежайында: "Қап!... Енді қайда тоқтаймыз?!"- Мәскеуде міндетті түрде театрға бару керек. Ол жақта одан басқа не істеуге болады, білмеймін, - деп еді бас редакторым мен мәскеулік баспасөз-турына жүргелі тұрғанда. Айтса, айтқандай, кештердің бірінде бізді Жастар сарайында өткен «Mamma Mia!» мюзикліне алып барды. Спектакль керемет болды, бірақ әңгіме ол туралы емес.

Қойылым барысында біздің театрға да қолданса, артық етпейтін бір қызықты жайт көрдім. Мюзикл басталмас алдында, тәртіп бойынша, көрермендердің шуламауына, өздерін дұрыс ұстауына, ең бастысы ұялы телефондарын сөндіріп тастауға ескерту жасалды. Көптеген адамдар зиялы адам, сонымен қатар іскер ретінде телефондарын дыбыссыз режимге салып қойды. Бір уақытта көршімнің ұялы телефоны қоймастан дірілдей жөнелді. Жұмсақ орындыққа тереңірек шалқайып алып, ол телефонын қолына алып, экранын тықылдата бастады. «Соқпа, мен театрдамын» деп асығыс хабарлама жазып жатқан сияқты.

Кенет мұрнымның астынан лазерлі көрсеткіштің қызыл сәулесі жылт ете қалды. Ол жанып тұрған телефон экранына түскісі келген, бірақ жете алмады. Содан соң көршімнің басын бір сипап өтіп, менің білегіме түсініксіз оюлар сала бастады... Соңынан білгеніміздей, бұл зерігіп кеткен сотқардың ісі емес екен. Орындық қатарларының арасында бір адам тұр, қызметкерлердің бірі болса керек, ол осылайша спектакль кезінде ереже бұзушылықтарды болдырмауды қадағалайды екен. Мен оның белгілерін енді түсініп, көршімнің құлағына «қадағалаушының» ескертпелерін сыбырлап айттым.

 

СОБЯНИНДІ ЖОЮ КЕРЕК!

Қар мен Собянин туралы әңгіме бастаған зейнеткер осы Пушкин ескерткішінің маңында отырды.  Қар мен Собянин туралы әңгіме бастаған зейнеткер осы Пушкин ескерткішінің маңында отырды. Алдымыздан Пушкиннін ескерткіші кездесті. Алайда біз бір жаққа, әдеттегідей, өте асығып бара жатыр едік. «Пушкинді фотоға түсіремін де, қуып жетем», - деп ойладым, асығыс ұзап бара жатқан жерлестерімнің ізіне қарап.

- Сіз қарды да суретке түсіріңіз, - деген қарт адамның дауысы естілді ту сыртымнан. Бұрылып:

- Маған қардың қажеті қанша? – дедім мен оған.

Зейнеткер толғандырып жүрген мәселесін айтатын адам таба алмай отырса керек, бірінші кездескен мен болдым.

Тыңдайтын құлақ табылғанына қуанған шал қала мэрі Собяниннің басқаруы туралы өз көзқарасын жайып салды:

- Мына Собянин еш нәрсе жасағысы келмейді. Қанша қар жатыр, қараңызшы! Бассыздық!

Шалым айтқан сайын қатулана түсуде, ал менің серіктерім өткелден көрінбей кетті.

- Иә! Толықтай келісемін! Собянинді жою керек!

Қолымды білегімнен ұстап тұрған қарттың уысынан босатып алып, мазасыздана күтіп тұрған жолдастарыма қарай жүгірдім. Кетіп бара жатып: әр қалада ыза-кегіңді төгіп алатын өз Собянин әкімі, өз Айдарбекові немесе басқасы болуы керек деген ой келді - әйтпесе, қызық емес.

 

MOSCOW NEVER  SLEEP

Кедендік тексеру, сатушыға пара беріп қана бір нәрсе сатып алуға болатын «Дьюти фри» (бір қызығы, бұл жұрттың бәріне «фри» емес екен, Кедендік одақтың мүшесі ретінде қазақстандықтарға ресми түрде сатпайды екен) және «Хиуазға» отырғызу – бәрі тез-тез, жүгіріп жүріп жасалды.

Бізді ұшаққа қарапайым ғана, шереметьевтік дыбыс шығарғыштардан бар дауысымен: «Атырауға баратындар? Бері өтіңіздер», - деп шақырды.

Жарайды, бұл бірінші ұшақ қой, бізге әлі үйреніскен жоқ...

Ұзақ уақыт ұшуға рұқсат бермеді, біз көкке көтерілгенде, түн де болып қалған. Иллюминатордан көрінген бейнеден көз алу мүмкін емес: Мәскеу көкжиекке дейін созылған қара барқыт бетіне төгілген алтын үгітінділердей жарқырап жатыр. Қан тамырлары сияқты ирелеңдеп жатқан жолдар, мыңдаған түнгі оттар, бір ашық жер жоқ. Халық аузында «Moscow never sleep» деген санада сайрап тұрған сөз тіркесі бар. Бұл рас. Бұл әдемі.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суреттерді түсірген автор

18 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.