Атырау, 25 қараша 16:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шығындар шамаға соғады

1 995 просмотра

11 сәуірде облыстық әкімдікте коммуналдық тарифтер бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің директоры Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВАНЫҢ баяндамасындағы «АтырауСуАрнасы» КМК-ның өткен жылы судың нормативтен тыс шығындарын толығымен жойғандығы туралы факт тосын сый болды.

Өткен жылы қарашада «АСА» директоры А. ТАШЛЫКОВ Атыраудағы магистральды тораптардың 100 пайызы полиэтиленнен жасалғанын, тек үйге сырттан кіретін жердегі және тұрғындардың өздері жүргізген тұрба учаскелерінің болат екенін растады. 2000 жылдардың басында судың нормативтік шығындары 50 пайыздай құраса, қазір 27 пайыздай құрап отыр. Ғаламтордан Германияда нормативтік шығындардың 10 пайыздай, ал Италияда 30 пайыздай құрайтындығы туралы ақпарат алдық. Бірақ ол жерде жертөле желілері, үйге сырттан кіретін жердегі желілердің барлығын қосқанда, барлық су құбыры тораптарындағы шығындар туралы айтылған.

«Атырау жылу жүйелері» АҚ-да нормативтен тыс жылу шығындары 2013 жылдың 1 қаңтарында 2,5 пайызды құрады. АЖЖ оларды биыл қарқынды екпінмен жоюды жоспарлап отыр.

Есептеу аспаптары бойынша: Досмұхамбетованың айтуынша, Атырауда ыстық сумен қамту есептегіштерін орнатуға 100 пайыз қол жеткізілген. Ал бұл еліміздегі ең жақсы көрсеткіш. Салқын су есептегіш бойынша көрсеткіш - 86 пайыз. Жалпыүйлік жылу есептеу аспаптарына қатысты жағдай анағұрлым мүшкіл. Ол тұтынушылардың 11 пайызына орнатылған. Бұл жағынан елімізде ең соңғы орындамыз. Дегенмен, Досмұхамбетованың айтуынша, жылу өлшегіштері бар үй тұрғындары мен орынжайлары осы үйде орналасқан кәсіпкерлер қаржының (19-дан 35 пайызға дейін) үнемделгенін сезінген. Мәселен, Мұқанов көшесі, 1 «а» мекен-жайында орналасқан «Козерог» ЖШС дүкенінде үнемдеу 225,5 мың теңгені құраған, Сәтпаев, 48 мекен-жайындағы үй тұрғындары 349,6 мың теңге, Құлманов, 1 «а» – 759 мың теңге, Махамбет 118 «а» - 317 мың теңге, Авангард 2 ықшам аудандағы №2 үй тұрғындары – 354 мың теңге үнемдеген.

Облыс бойынша 2012 жыл ішінде дифференциалданған тарифтерді енгізудегі экономикалық тиімділік, Досмұхамбетованың айтуынша, тұтыну көлеміне байланысты – 72 млн теңгені, тәулік аймағы бойынша –100,4 млн теңгені құраған.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

18 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.