Жылда күн ысыған сайын егіс алқаптарына қауіп төндіретін дала зиянкесі итальяндық прус және азиат шегірткесімен күресуге тура келеді.
Биылғы болжам бойынша итальяндық прус Құрманғазыда 4,8 мың, Исатай ауданында 0,8 мың гектар өңдеуге жатады деп есептелуде. Осы екі ауданда азиат шегірткесімен күресу үшін сәйкесінше 20,3 мың және 1,8 мың гектарды әуе арқылы(алматылық «AVIASILA» ЖШС дельталеті) және жерүсті бүрку тәсілімен (БҚО-дан «Магтоксин» ЖШС желдеткіш аппаратурасы) химиялық өңдеу жүргізілмекші.
1 маусымнан бастап Құрманғазы ауданында итальяндық прусқа қарсы өңдеу жұмысы қолға алынды. Алайда қатты желдің әсерінен дельталеттердің жұмысына кедергі келіп тұр, сондықтан бүгінде 380 гектар ғана аумақ өңделді. ҚР АШМ АӨК МИК Атырау облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Абила КАЗИЕВАНЫҢ айтуынша, бұл іс жалғаса береді .
Ляззат ҚАРАЖАНОВА