GPS-трекер жануарларды қорғаушыларды мал қорымына әкелді. Олар биотермиялық шұңқырлардан өз жанураларын тапты - чиптелген және құтыруға қарсы егілген иттер шіріп жатыр, сол жерден қымбат қарғыбау тағылған үй жануарлары да табылды.
Оқиға жұма күні орын алып, жануарларға жанашырлық танытқан қала тұрғындарын қатты қобалжытқан. Тіпті рухы күшті адамдар үшін де бұл көрініс өте жағымсыз еді. Бір жақсысы, видеодан сол жердегі шіріген иіс білінбейді. Еріктілер қанды, пышақтарды және иттің дене бөліктерін көргендерін растайды. Оның үстіне, олар жануарларға қатыгездік көрсетіліп жатқаны туралы полицияға арыз-шағымдарының ескерілмей жатқанын айтады. Әлеуметтік желіде тараған видеода еріктілердің қайғы мен қорқыныштан жылап жатқанын естуге болады, өйткені өлі жануарлардың көпшілігін тамақтандырып, қамқорлық жасап, қаражат жинады, оларға лақап ат беріп, қарғыбауларына іздеу құрылғыларын кигізді. Клаус есімді иттің қарғыбауына тағылған осындай чиптің арқасында ол қорымнан табылды.
«БӘРІ АДАМИ ТҰРҒЫДА»
Бұл хикаяның екінші жағы бар: бұл санитариялық ережелерге сәйкес келе ме? Расында да, еріктілердің айтулары мен видеоматериалдарына қарағанда, иттер жатқан шұңқырлардың тереңдігі 10 метрдей және қазір іші толып қалған... Өлекселерді өртеу керек емес пе? «АЖ» бұл сауалды Атырау қалалық ветеринариялық станциясының басшысы Сатыбалды ОРАЗҒАЛИЕВҚА жолдады:
- Жоқ, егер жұқпалы аурумен ауырған иттер болмаса, - дейді ол. - Бұлар сау иттер, оларды өртеудің қажеті жоқ. Малқорым орналасқан ғимарат, шұңқырлар сияқты типті, әдеттегідей, тезірек ыдырау үшін біз каустикалық сода қолданамыз.
– Ал, итті аңшылардан қорғауға тиіс биркалар, қарғыбаулар, трекерлер ше?
- Иә, мұның бәрі адамға қауіп төндірмейтін жағдайда оны қорғайды. Бұл иттер қауіп төндірген. Өздеріне қауіпті деп санаған қала тұрғындарынан шақырту алғандықтан олар осында жатыр. Оның үстіне біз үш күн күттік, қожайындары көрінбеді, олар шынымен де адамдарға қауіпті болатындай мінез көрсетті.
- Ол жерден қан, пышақтар, ақтарылған ішек-қарындары, кесілген дене бөліктері табылған...
- Мен мұнымен келісе алмаймын, егер тауып алса, көрсетсін. Иттер адамгершілік тұрғыда жансыздандырылады, ешқандай кесу жоқ: екі инъекция, біріншісі оны ұйықтатуға мүмкіндік береді, ал екіншісі өлімге әкеледі.
ЖАНАЙҚАЙ
Жақында ғана шыққан жарияланымымыздың кейіпкері, қала жұртшылығына ең шұғыл жағдайда, жануар өлуге шақ қалғанда аман алып қалатын тұлға ретінде танылған Мамучар ДЖАБАСОВ та ветеринарлық пунктке қарсы пікір білдірді. Ол өзінің Instagram парақшасында жанайқай деп атаған видео жазбасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ атына үндеуін жариялаған: «Президент мырза, еліміздің қалаларында жануарларға қатыгездік жасауға қатысты шағымдар көп. Олар иттің қабатыны туралы шағымдар статистикасы жыл сайын өсіп келеді деп, сізге өтірік айтады - керісінше, ол азайып барады. Біреулерге мұндай үлкен соманы алу тиімді.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң бар, 25-баптың 2-тармағына сәйкес, қаңғыбас жануарлардың санын кез келген тәсілмен жансыздандыру арқылы реттеуге тыйым салынады. Бұл заң қабылданғаннан кейін ештеңе өзгерген жоқ: ұсталған жануардың көпшілігі әлі де сол жерден жансыздандырылып жатыр. Өйткені, мемлекеттік бюджет есебінен жұмыс істеп тұрған панажай 30-50 ит қабылдай алады. Ал иттер көп мөлшерде ұсталғандықтан оларға тек қорымдарда ғана орын бар.
Бұл заңның 15-бабында жануар адамға шабуыл жасаған және адамның өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін жағдайларда ғана жануарларды жансыздандыруға жол беріледі делінген. Сеніңіз, өлтірілген иттің көпшілігі қалыпты, адекватты жануарлар, олар өздеріне жақындауға және оқ атуға мүмкіндік бергендіктен ғана өліп жатыр. Адекватты емес иттер қашып кетеді және ешқашан улы оқты дарытпайды және тұзақ кигізуге мүмкіндік бермейді.
Заңнан 15-бапты алып тастаңыз, сонда ветеринариялық қызметтердің қаңғыбас жануарлармен мүлдем айналысқысы келмейтінін көресіз, өйткені бұл оларға тиімсіз болып қалады. Олардың жұмысын тексеріп, еліміздің кез келген облысындағы ветеринариялық қызметтің жұмысына тәуелсіз сот-бухгалтерлік сараптама жүргізулеріңізді сұраймын, сонда жемқорлықтың ауқымын көресіз».
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
«Мейірімді жүрек» еріктілерінің instagram парақшасынан фотоскрин