Атырау, 25 желтоқсан 02:26
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қытаймен визасыз режим 2-3 айдан соң енгізіледі

910 рет қаралды

Президентіміздің Қытайға сапары аясында келісімге қол қойылды, деп хабарлайды informburo.kz.

  • Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим екі-үш айдан соң енгізіледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

    "Президентіміздің Қытайға сапары аясында келісімге қол қойылды. Екі ел арасындағы ішкі рәсімдер бірнеше ай, тіпті бір-екі айға созылуы мүмкін. Бәрі аяқталған соң екі тарап бір-бірін хабардар етіп, келісім күшіне енеді",– деді Айбек Смадияров.

    Құжат жобасына сәйкес, келісім белгісіз мерзімге жасалады. Екі тарап қажетті рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған соң 30 күн өткеннен кейін визасыз режим енгізіледі.

  • 29 мамыр 2023, 16:35

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.