Атырау, 19 наурыз 13:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Сотталғандардың жазасын өтеу орны мен мерзімі өзгереді

666 просмотра

20 мамырда Қазақстанда "Қылмыстық сот ісін жүргізу, жазалау, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас түрлерінің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Бұл сотталғандарды жазасын өтеу орындарына бөлудің түбегейлі жаңа қағидаларын қамтиды. Бірінші мерзімді өтеушілер орташа қауіпсіздік мекемелеріне орналастырылады. Ең жоғары қауіпсіздік мекемелеріне бірнеше рет бас бостандығынан айырылғандар жіберіледі. Ал орташа қауіпсіздік мекемелерінде жүрген соңғы санаттағы сотталғандар ең жоғары қауіпсіздік мекемелеріне ауыспайды.

"Жітіқара қаласындағы "Қара бүркіт" мекемесін қоспағанда, төтенше қауіпсіздік мекемелері ең жоғары қауіпсіздік мекемелері болып қайта тағайындалады. Орташа қауіпсіздік мекемесіне өзгерту туралы үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау уақытын ескеріп , жаза мерзімі қайта есептеледі", – деді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің арнайы есепке алу бөлімінің басшысы Қайрат Асыл. 

Жазасын өтеп жүрген мекемені өзгерту туралы материалдар сотқа жіберіледі. Сотталғандар туыстарының тұрғылықты жеріне барынша жақын колонияларға ауыстырылады.

"Бұрын туыстарының тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеп жатқан сотталғандардың саны – шамамен 60%. Заң іске асырылғаннан кейін бұл көрсеткіш айтарлықтай өседі. Бұл жұмыс 2023 жылдың соңына дейін аяқталады деп болжануда", – деп толықтырды полиция қызметкері.
29 мамыр 2023, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.