Атырау, 1 қазан 04:34
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Тоқаев Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

734 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Режеп Тайип Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді", - деді Президент Twitter-парақшасында.
Режеп Тайип Ердоғанды @RTErdogan Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) May 29, 2023

Еске салайық, кеше Түркиядағы президент сайлауының алдын ала нәтижесі шыққан болатын. Түркиядағы және шетелдік өкілдіктер мен шекара бекеттеріндегі бюллетеньдердің 99,43 пайызын өңдегеннен кейін Ердоған 52,14 пайыз, Кылычдароглу 47,86 пайыз дауыс жинады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Режеп Тайып Ердоған Түркияның жаңа президенті болып сайланды.

Ердоғанның Кылычдароғлудан екі миллион дауыс айымашылығы бар. Сайлаудың соңғы нәтижелері 1 маусымда ресми газетте жарияланады.

29 мамыр 2023, 08:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.