Атырау, 6 қараша 00:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 488.91
€ 532.62
₽ 5.00

Тоқаев Қазақстанның Одақты дамытуға қатысты ұстанымын жеткізді

965 просмотра

Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президенті ЕАЭО-ны дамытуға қатысты ұстанымы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстанның Одақты дамытуға қатысты ұстанымы – елдеріміздің экономикалық әлеуетін дәйекті түрде арттыру. Яғни, жобалар, технологиялар, жұмыс орындары, салықтар. Біз күш біріктіре отырып, алдымызға қойған барлық міндетті табысты атқаратынымызға және Еуразиялық экономикалық одақты дамудың анағұрлым жоғары деңгейіне шығаратынымызға сенімдімін".

Ол келесі жылы елдер бірлестігіне 10 жыл толатынын атап өтті.

"Біз ЕАЭО-ның мерейтойлық саммитіне жиналатын боламыз. Бұл айтулы оқиға жүріп өткен жолымызды егжей-тегжейлі талдауға және Одақтың одан арғы стратегиялық перспективаларын айқындауда арқа сүйейтін жақсы себеп болуы керек деп санаймын", - деп сөзін жалғастырды Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты ол комиссияға Жоғары Кеңестің келесі отырысына еуразиялық интеграцияның бірінші кезеңі туралы баяндама дайындауды тапсыруды ұсынды.

"Онда негізгі қорытындылар мен жетістіктер, сондай-ақ одан әрі интеграциялық даму бойынша нақты ұсыныстар алға тартылады", - деп сөзін түйіндеді Тоқаев.

26 мамыр 2023, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.