Атырау, 6 қараша 00:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 488.91
€ 532.62
₽ 5.00

Абай облысындағы өрт: Бүгін Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі жарияланады

1 171 просмотра

Абай облысындағы орман өртіне байланысты бүгін Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі жарияланады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 мамырдағы жағдай бойынша орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жедел штаб құрылды. Жағдай ерекше бақылауда. От ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орман алқабындағы өртті сөндіруге желдің екпіні су-батпақты жерлер кедергі келтіріп, ауыр техниканың қозғалуын қиындатуда. Жалын шарпыған аумақтың ауданы 3,5 мың гектар болды. Орман өртін сөндіруге 201 техника, 8 тікұшақ, бір өрт сөндіру пойызы және жеке құрамның 852 адамы жұмылдырылды. Бүгін Бородулиха ауданы бойынша төтенше жағдай режимі жарияланады», - деді ол.

photo

Әкімнің сөзіне қарағанда, елді мекендерге қауіп жоқ.

«Дегенмен, сақтық үшін 277 адам өздігінен туыстарының үйлеріне эвакуацияланды. Тонау фактілерінің алдын талу үшін эвакуциялау орындарында 20 полиция қызметкері кезекшілік етуде», - деді облыс әкімі.

photo

25 мамыр 2023, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.