Атырау, 5 қараша 23:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Көкірекбаев ісі. Антикор Қазселденқорғау басшылығына қатысты тергеуді аяқтады

746 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазселденқорғау ісі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшыларына қатысты соталды тергеуді аяқтады.

Олар орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 миллион теңгеге ірі және аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталды.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр.

Қазір қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

24 мамыр 2023, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.