Атырау, 6 қараша 00:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 488.91
€ 532.62
₽ 5.00

Көлік салығын төлемегендердің шоттары бұғатталады

1 041 просмотра

Мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын төлемей жүргендерге ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Салық уақытында төленбеген жағдайда әр кешіккен күнге өсімпұл жазылады. Борышкерлерге берешегі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама отыз күнде орындалмаса салық бұйрығы жолданады. 26 мамырдан бастап орындалмаған салық бұйрықтарымен берешекті мәжбүрлі өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға беріледі», деді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Шынар Мұқанова.

14 мыңға жуық адам көлік салығын әлі төлемей жүр.

Айта кетейік, салықты e-Salyk-Azamat мобильді қосымшасы арқылы немесе мемлекеттік кірістер комитетінің www. kgd.gov.kz интернет-ресурсында есептеп, төлеуге болады.

24 мамыр 2023, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.