Атырау, 6 қараша 00:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 488.91
€ 532.62
₽ 5.00

Қазақстан мен Түркия арасында кедендік бақылау рәсімдері оңайлатылады

682 просмотра

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Келісім тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту мақсатында жасалды. Келісімнің ережелеріне сәйкес тараптардың кеден органдары алдын ала мәліметтер алмасуды іске асыруға жауапты және тікелей байланыстарды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген құзыретті лауазымды адамдардың тізімін айқындайды», - деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Сондай-ақ заң жобасы аясында ақпарат алмасудың техникалық шарттарын әзірлейді және пилоттық жобаны іске асыруға кіріседі.

«Ол аяқталғаннан кейін тараптардың кеден органдары мәліметтермен тұрақты негізде алмасуды бастайтын болады. Жалпы келісім жобасы тараптар арасындағы кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және оңтайландыруға бағытталған. Аталған келісімді ратификациялау еліміз үшін теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды және республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді», - деді Жамаубаев.

24 мамыр 2023, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.