Атырау, 4 маусым 08:13
 дождьВ Атырау +14.3
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

Премьер-министр мен оның орынбасарлары жаңа лауазымға ұсынылды

1 203 рет қаралды

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен оның үш орынбасары ресми түрде жаңа лауазымдарға ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет хабарламасына сүйенсек 2019 жылдың 28 наурызында қабылданған №146 қаулыға өзгеріс енгізілмек. "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd компаниясының директорлар кеңесінің құрамы жайлы" деп аталатын бұл құжаттың 1 бөліміне келесі өзгертулер енгізіледі.

"Заңдық негізде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd компаниясының директорлар кеңесіне тағайындау ұсынылсын:

Смайылов Әлихан Асханұлы - Премьер-министр, төраға; Скляр Роман Васильевич - Премьер-министрдің бірінші орынбасары; Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы - Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі; Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы - Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі.

23 мамыр 2023, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.