Батыс Қазақстан облысында жеке тұлғалардан 24%-дан 54%-ға дейінгі мөлшерде төлемдер беру уәдесімен қаражат тарту мақсатында «Life is good» және «Hermes» жобалары бойынша қаржылық (инвестициялық) пирамидаларын ұйымдастыруға күдікті тұлғаларға қатысты қылмыстық істі ҚМА аумақтық Депаратменті тергеуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Тартылған қаражат көлемі 120 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікпен ілінген азаматша ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.