Атырау, 6 қараша 00:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Автокөлік тарихын онлайн тексеруге болады

765 просмотра

“Автокөлік тарихы” сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі. 

ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керектігін ескертеді. Бұған немқұрайлы қарауға болмайды, өйткені ол көптеген проблемалардан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді.

Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан “автокөлік тарихы” қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді: 

– автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күнін; 

– бұрынғы иелерінің санын;

– кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сонымен қатар басқа да мәліметтерді көре алады. 

Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис “102” және “Halyk Bank”, “Bereke Bank”, “CenterCredit”, “ForteBank” мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді.

ІІМ “автокөлік тарихына” “бірыңғай сақтандыру деректер базасын” қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.

22 мамыр 2023, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.